ЖЖАДПМ
Жайылымдарды жақсарту және азық дайындау процесстерін механизациялау зертханасы

Зертхана меңгерушісі Әділшеев Әнуарбек Сүйінбекұлы
Зертхана туралы
1961 жылы ҚазАШМЭҒЗИ-да «Шөлді дала жайылымдарын жақсарту процестерін механикаландыру» зертханасы құрылды, оны 1991 жылға дейін техника ғылымдарының кандидаттары Батыршин А.Г., Бочаров А.П., Солдатов В.Т. басқарды. 1963 жылы «Сүрлем және шөп жинауды механикаландыру» зертханасы құрылды, ол 1972 жылдан бастап, «Шөп жинауды және дайындауды механикаландыру» зерханасы болып аталды, оны техника ғылымдарының кандидаттары Локтев Н.Я., Лешко В.Н. и Айдарбеков А.О. басқарды. Осы зертханалар негізінде 1991 жылы т.ғ.д. О.Ж. Жортуыловтың басшылығымен «Жем-шөп дайындау машиналары» зертханасы болып құрылды, оны 2012 жылдан бастап т.ғ.д. Ә.С. Әділшеев басқарып келеді, 2015 жылы зертхананың атауы «Жайылым жерлерді жақсарту және азық дайындау процестерін механикаландыру» болып өзгертілді.
Жайылымдарды жақсарту процестерін механикаландыру бойынша жасалған негізгі машиналар: ССТ-3 сепкіші; дән жинайтын ПСМ-3 машинасы; СПР-5,6 сепкіші; себуге арналған АПП-3,6 және АПП-2,8 агрегаттары; ЖВН-6А және ЖНС-6-12 жаткаларына тұқым аулайтын құрылғы; комбайнға арналған ПСК-5 аппараты (Батыршин А.Г., Бочаров А.П., Солдатов В.Т., Лешко В.Н., Андрейчук А.Л., Садықов Ж.С., Айдарбеков А.О. және т.б.).
Мал азығын дайындауға жасалынған машиналар: пішенді кептіруге арналған белсенді желдеткіші бар ОВС-16 жабдығы, пневмотасымалдағышы бар КМК-4 шөпшапқышы (Локтев Н.Я., Лешко В.Н., Айдарбеков А.О., Дүйсенов С., Жұматов С.Д. және т.б.).
Соңғы жылдары азық дайындауға арналған техникалық құрылғыларды жетілдіру бойынша келесі машиналардың тәжірибелік үлгілері жасалынды: бірбілеулі КС-2,1Ж шөпшапқышы; КДП-4,0 екібілеулі шөпшапқышы; алым ені 4м КАП-4,0 шөпшапқыш агрегаты; кесу аппаратының жетек механизмі жетілдірілген КП-3,0 шөпшапқыш-жаныштағышы; тығыздағыш талқылардың эксцентрикті механизмді ПР-400В орама жинағыш-сығымдағышы; ПТ-160 шөпті теңдерге тығыздап жинағышы (Жортуылов О., Әділшеев Ә.С., Жұматов С.Д. және т.б.)

Қазіргі уақытта зерханада: жайылымдары жақсартуға арналған құрама агрегат; пленкамен оралған орамада жоғары сапалы пішендемені даярлайтын және сақтайтын технология мен оны іске асыратын машиналар; шөпті екі фракциялы шабатын шөпорғыш; ораманы пленкамен орағыш және ораманы аударғыш, кесу аппаратының жетек механизмі жетілдірілген шөпорғышы, жапырақтарды және жоңышқа тұқымдарын жинауға арналған әмбебап машинасы, жоғары сапалы экструдерленген гранулаларды алуға арналған және себілетін материалдарды дайындайтын құрылғы жасалынып жатыр.

Өткен жылдар ішінде зертхана қызметкерлері 400-ден астам ғылыми мақала жариялады, 100 өнертабысқа авторлық куәлік, 20 алдын-ала және инновациялық ҚР патентттері алынды, 4 кітап, 6 буклет, 6 ұсыныс және 2 аналитикалық шолу басылып шығарылды. Зертхананың зерттеулері негізінде 5 докторлық диссертация және 17 кандидаттық диссертация қорғалынды. Зертхана ғалымдарымен 5 докторант пен 10 магистрант дайындалуда.
Ғылыми зерттеулердің бағыттары
- Тозған жайылымдар мен шабындықтарды жақсарту үшін ресурс үнемдейтін технололгиялар мен техникалық құралдар жасау
- Теңдегі, орама мен түйіршіктегі азықты дайындау үшін ресурс пен қуат үнемдейтін технологиялар мен техникалық құралдар жасау
Қызмет көрсету
- Семинар мен дала күндерін өткізу, фермерлерге консалтингтік қызметтер.
Соңғы 3 жылдың ішінде агрокәсіп объектілеріне жоғары сападағы азықты дайындау үшін заманауи техниканы қолдану бойынша 20-дан астам консалтингтік қызмет көрсетілді.