Автор үшін нұсқау


«Халықаралық агроинженерия» журналы туралы мәліметтер

   «Халықаралық агроинженерия» ғылыми журналы (№ 11827-Ж от 02.07.2011 ж. мерзімді басылымдар және ақпараттық агентствосындатіркелген) 2011 жылдан Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтында шығарылып келеді. Басылымның халықаралық стандартты нөмірі International Standard Serials Number) - 2227-2038 (print), ISSN 2227-2057. Журналдың мерзімдік басылымы жылына – 4 номір.

   Тоқсан сайын шығарылатын ғылыми журнал ғалымдарға, оқытушыларға, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, республикалық мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, ауыл шаруашылығының және халықаралық ғылыми ортаны, еліміздің қайта өңдеу салаларының жаңаруына қатысты техникалық-технологиялық, экономикалық, инновациялық даму мәселелеріне қызығушылық білдіретін республика халқының барлық қатарына арналған.

   «Халықаралық агроинженерия» журналының бағдарламалық мақсатына: ғылыми-зерттеулер нәтижесін жариялау, Қазақстан АӨК-нің, Орталық-Азия аймағының және ТМД елдерінің экономикалық және ғылыми-техникалық әртүрлі аспекттері үрдістерімен таныстыру, қазіргі техникалық білімді насихаттау және агроинженерия ауқымындағы ғылыми жетістіктер мәліметтерін тарату, техникалық бағыттағы жоғары деңгейлі мамандар даярлауға көмек көрсету болып табылады. Журналға ғылыми-практикалық сыйпаттағы ғылыми-техникалық, ауыл шаруашылық және тағамдық-өңдеу өнеркәсібі салаларының технологиялық, экономикалық дамуының іргелі және қолданбалы зерттеулері қамтылған орыс және ағылшын тіліндегі мақалалар қабылданады.

   Журнал жылына 4 рет, 100 данадан кем емес таралыммен шығарылады.

 

ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР АВТОРЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

Жарияланымға жіберілетін материалдар пакетінің құрамы

   Мақалалардың барлығы электронды түрде жасалуы тиіс. Файл атауы бірінші автордың ныспысымен (Абдрахманов.dос немесе Абдрахманов l.doc) аталуы керек. Мақаланың қағазға басылған түрі электронды түрімен сәйкес болуы. Авторлар туралы мәліметтер – ныспысы, аты, әкесінің аты, жұмыс орны мекеме атауын көрсете отырып, лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы (түгел көрсетіледі); байланыс телефоны, мекен-жайы, E-mail, факсы көрсетіледі.

   Бас редактордың атына жолдама хатпен бірге жасалған жұмысы бар жіберуші мекеме бланксі (файлмен), ҚазАШМЭҒЗИ қызметкерлері үшін сәйкес зертхана отырысының басылымға ұсынған  хаттама көшірмесі болуы тиіс.

   Мақаланың рецензиясы (мақала тақырыбы бойынша кем дегенде екі рецензия – біреуі ғылым докторы, екіншісі ғылым кандидаты). Рецензенттің қолын сәйкес кадрлар құрылымы растайды.

   Жолдаушы мекеменің эксперттік қорытындысымен мақаланы ашық басылымда жариялау мүмкіндігі.

   Ғылыми мақалалардың жарияланымы тегін жүзеге асырылады.


Жарияланатын материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар

   Журналға ғылыми-практикалық сыйпаттағы ғылыми-техникалық, ауыл шаруашылық және тағамдық-өңдеу өнеркәсібі салаларының технологиялық, экономикалық дамуының іргелі және қолданбалы зерттеулері қамтылған орыс және ағылшын тіліндегі, сондай-ақ методологиялық және ғылыми-методикалық құндылығы бар шет елдік авторлардың мақалалары қабылданады.

   Мақалалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жариялануы мүмкін. Басқа басылымдарда жарияланған немесе басқа редакцияларға жіберілген мақалалар қабылданбайды.

   Авторлардың осы талаптарға сай жасалмаған мақалалары қаралмастан кері қайтарылады.

   Редакция мақалаларды қысқартуға және қажет болғанда өзгерістер жасауға құқылы. Автор (авторлар) мақаланың мазмұнына жауап береді. Редакциялық кеңес ғылыми журналға мақалаларды жарияламау туралы құқықты. Мақалалар әр тоқсанның үшінші айының 10 күніне дейін қабылданады.


Қолжазбаны безендіру талаптары

   Мақала келесі қалыпта: WORD 6, 7 немесе 8 мәтіндік редакторлық нұсқамен; А4-210x297 мм мөлшерлі қағазбен, барлық жағы 20 мм жиекті, беткі нөмірленуі төменгі оң жақ; мақала мәтіні Times New Roman шрифтімен, 1 интервалмен, 14 кеглді шрифтпен және абзацтың бірінші жолы 10 мм бос жер қалдырылып басылады.

   Мақалалар көлемі 10 бет, (кестелерді, графикаларды және суреттерді қоса есептегенде)

   Мақалалардың мәтіні халықаралық ГОСТ 7.5-98  журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар стандартына сәйкес безендірілуі тиіс.

   Жарияланатын материалдардың баспалық безендірілуі. Кестелер мен суреттердің атауы және реттік нөмірі болуы қажет. Суреттердің (мұның ішінде графикалар да) және кестелердің нөмірленуі жеке жасалады. Кестелер мен суреттердің нөмірленуі мәтіндегі көрсетілуіне сай ретпен жүргізіледі. Егер мақалада бір сурет немесе бір кесте ғана болса, онда нөмірлеу жасалмайды. Мәтінде, кестеде және суретте қысқартылған сөздер болмауы қажет. Суреттер сурет асты сөздермен бірге болуы тиіс. Мәтінде суреттерге және кестелерге сілтеме берілу міндетті. Кестелерді жасау Word стандартты бағдарламасының функциясын, ал күрделі математкалық формулаларды құру - (Equation Editor) формулалар редакторын қолдану қажет. Символдар мен сандық коэффициенттердің маңызын түсіндіру формула астында, формулада келтірілген ретті сақтай отырып келтірілгені жөн. Формулаларды салыстырып тексеру қажет және оны қағаз жиегінде автор қол қоюмен бекітеді. Мақала мәтіні кестелермен, суреттермен немесе формулалармен аяқталуына жол берілмейді.

   Мақалаларда пайдаланылатын терминдер, өлшеу бірліктері және шартты белгілер жалпы қабылданған және Халықаралық бірліктер жүйесіне (СИ) енген болуы керек. Аббревиатураларды мәтінде, мына жағдайды қысқартылған өлшеу бірліктерін, физикалық, химиялық, техникалық және математикалық көлемдер мен терминдерді (өлшеу бірліктері орыс тілінде беріледі) есептемегенде,  айтылған сәтте шифрін ажырату  қажет. Автордың түпнұсқалы мақала беттері өтпелі нөмірленеді. Автор мақаласына қол қояды.

   Суреттердің санын мүмкіндігінше шақтап беру керек. Олар кестелерді (немесе керісінше) безендірмеуі тиіс. Суреттер сөйлем ішінде алғаш рет айтылса, сол сөйлем біткен жерге орналастырылады немесе келесі бетке қойылады. Суреттерді авторлар мақаланың ішінде орналастыруы қажет. Олар мәтінге ағымды емес орналастырылады. Редакцияға қосымша әр суретті қыспай, жеке электронды файлмен өткізуді сұраймыз. Суреттер өз атауларымен бірге негізгі мәтіннен ашық, жоғары және төмен тәртіппен орналасырылады.

   Графикалық файлды суреттерді стандартты қалыппен ұсынған жөн. Растрлі графика мен фотографиялардың суретін TIFF және векторлы графиктерді EPS форматтарымен беру қажет. JPEG, GIF форматта және MS Word векторлы графикамен жасалған суреттер де қабылданады. Суреттердің сапалары қосымша өңдеусіз полиграфиялық басылым үшін кедергі келтірмеуі керек.

   Суреттердің топтастырылғаны жөн (оларды жылжытқанда және пішімдеу кезінде «шашылып» кетпеулері үшін). Есептік бағдарламалармен жасалған суреттер, жариялауға пайдалану үшін тұпнұсқа түрімен өткізілуі қажет. Excel-мен орындалған графикалық материалдарды басқа форматтарға ауыстыру қажет етілмейді.

   Суреттер көрінісі өте анық, жазулары мен белгілері аз болулары қажет. Суреттерге тек маңызды сыйпаттамалар, цифрлар және әріптік белгілер ғана қолданылады. Графикалар және суреттердегі жазулар мен белгілер айқын әрі жеңіл оқылуы керек. Барлық түсінік жазбалар мен шартты белгілер сурет асты жазбалармен беріледі. Жазбалар суреттің бір бөлігі болмауы тиіс. Олар сурет контурынан тыс төменгі ортада орналастырылады. Суреттің мөлшері журнал бетінде масштамастан орналасатындай болғаны қажет екені ұсынылады. Суреттер шеті көріністер шегінде қиылғаны қажет: сурет ені – 180 мм, биіктігі – 200 мм артпауы керек (сурет асты сөздерге қалдырылатын бос жерді ескере отырып).

 

 

 

МРНТИ

Авторлардың  НАӘ (құжат соңындағы үлгіні қара )

 

3 ТІЛДЕ:

 

Орыс, Қазақ, Ағылшын

Жұмыс орны, қала, ел (қысқартусыз толық жазылады)

Мақала аты

Аңдатпа. 10 жолдан аз емес

Кілт сөздер: мысалы 10 сөз

Кіріспе200 сөзден кем емес

Материалдар мен әдістер1000 сөзден кем емес

Нәтижелері және оларды талқылау. 300 сөзден кем емес

Қорытынды. 100 сөзден кем емес  

Әдебиеттер тізімі (үлгіні қар.)

Сілтемелер мен пайдалану көзі ГОСТ Р 7.05-2008 бойынша толтырылуы қажет.

Барлық авторларға ақпарат: НАӘ, жәрежесі, атағы, жұмыс орны, қызметі, телефоны, эл. поч.

 

ҮЛГІ

МРНТИ 55.57.31

 

К.С. Мазитов1, Н.Т. Сорокин1, Р.С. Багманов2, Л.З. Шарафиев2,

А.Е. Макушев3 С.Ю. Дмитриев3

1«Всероссийский научно-исследовательский институт механизации и информатизации агрохимического обеспечения сельского хозяйства» г. Рязань, Россия

2Казанский государственный аграрный университет г. Казань, Россия

3Чувашская государственная сельскохозяйственная академия г. Чебоксары, Россия

 

ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ ПУТИ ПОВЫШЕНИЯ ПРОДУКТИВНОСТИ СЕНОКОСОВ И ПАСТБИЩ  В ЗАСУШЛИВЫХ УСЛОВИЯХ

 

Аңдатпа10 жолдан кем емес

Кілт сөздер8 сөзден кем емес

Кіріспе200 сөзден кем емес  

Материалдар мен әдістемелер1000 сөзден кем емес

 Нәтижелер және оларды талқылау 300 сөзден кем емес

Қорытынды. 100 жолдан кем емес

 

Әдебиеттер тізімі

1.  Хасанов М.Ш. История и философия науки: учебное пособие /М.Ш. Хасанов, В.Ф. Петрова-Алматы: Казақ  университеті. - 2013. - 148 с.

2.  Аболмасов Н.Н. Стратегия и тактика профилактики заболеваний пародонта / Н.Н: Аболмасов // Стоматология. - 2003. - № 4. - С. 34-39.

3.  Козлов В.И. Лазерный анализатор кровотока ЛАКК-01 / В.И. Козлов, В.В. Сидоров // Применение лазерной допплеровской флуометрии в медицинской практике. Матер. второго всерос. симп. - М., 1998. - С. 5-8.

4.  Адмакин, В.В. Условия применения композиции / В.В. Адмакин. - Красноярск: Издательство МГПУ, 2003. - 128 с.

5.  Казаков, С.И. Энциклопедический словарь. Сварка, пайка, резка металлов и пластмасс: DVD-R / С.И. Казаков, В.М. Никитин. - М.: Бюро промышленного маркетинга, 2009. - эл. опт.диск (DVD-ROM).

6.  Аналитическая химия в России [Электронный ресурс] : портал. - Электрон.дан. - М., 2001 .- Режим доступа: http://www.rusanalytchem.org.

 

 

Барлық авторлар үшін ақпарат:

 

К.С. Мазитов  НАӘ, дәрежесі, атағы, жұмыс орны, қызметі, телефоны, эл. почта 

К.С. Мазитов ФИО, дәрежесі, атағы, жұмыс орны, қызметі, телефоны, эл. почта 

Н.Т. Сороки ФИО, дәрежесі, атағы, жұмыс орны, қызметі, телефоны, эл. почта 

Р.С. Багманов ФИО, дәрежесі, атағы, жұмыс орны, қызметі, телефоны, эл. почта 

Л.З. Шарафиев ФИО, дәрежесі, атағы, жұмыс орны, қызметі, телефоны, эл. почта   

А.Е. Макушев ФИО, дәрежесі, атағы, жұмыс орны, қызметі, телефоны, эл. почта 

С.Ю.Дмитриев ФИО, дәрежесі, атағы, жұмыс орны, қызметі, телефоны, эл. почта 

 

 

Әдебиеттер тізімі, сілтемелер

 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мемлекетаралық стандарттарға: 7.1-2003 «Библиографиялық жазба» МЕМСТ сәйкес толтырылады. «Библиографиялық сыйпатталуы. Жасалуының жалпы талаптары мен тәртібі»; МЕМСТ 7.82-2001 «Библиографиялық жазба. Электронды ресурстардың Библиографиялық жазбасы. Жасалуының жалпы талаптары мен тәртібі». Мақаланы жазғанда қысқа, міндетті элементтерден тұратын библиографиялық жазбасын (автордың НАӘ, кітаптың, мақаланың аты, шығарылған жері, баспа, шығарылған жылы, бет саны) пайдалану абзал. Электронды ақпараттық ресурстарды сыйпаттағанда қолжетімді режиммен сәйкес (жергілікті, алыс) жасалғаны дұрыс. Шет ел басылымдарының библиографиялық жазбалары түпнұсқа тілде келтіріледі. Ғылыми жұмыстарға материалдардың қайдан алынғаны туралы библиографиялық сілтеме берілуі керек. Дерек көздерді пайдаланғаны жөнінде МЕМСТ Р7.05-2008 «Библиографиялық сілтеме. Құрастырудың жалпы талаптары мен тәртібіне» сәйкес жазылуы тиіс.

   Мақала жазу кезінде мәтіндік библиографиялық сілтемені пайдаланыңыз. Мәтіндік библиографиялық сілтеме мен мақала мәтінімен байланыстылығын қайыра сілтеу белгісін пайдаланып цифрлар түрінде (реттік нөмірлер) атқарады. Библиографиялық жазбалардың мәтіннен тысқары нөмірін мақала мәтіні жолдарында төрт бұрышты жақшамен көрсетеді.

   Жарияланым шығарманы жазу кезіне кейбір сөздерді қысқарту жекелеген тәртіптерді сақтай отырып, мемлекттераралық МЕМСТ 7.12-93 «Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі сөздерді қысқарту. Жалпы талаптар мен тәртіптер» стандартын сақтай отырып атқарылады. МЕМСТ 7.11-2004 «Библиографиялық жазба. Шет ел европа тілдеріндегі сөздерді және сөз тіркестерін қысқарту»

   Ағылшын тіліндегі адамның тегі мен аты транслитерациялау арқылы жасалады. Транслитерация халықаралық немесе ұлттық сәйкес тілдердің транслитерацилық стандарттарының шеңберінде жасалады. Шет ел авторларының мақалаларын өз тілінде қабылдауды авторлардың ғылыми қоғамдастығы қабылдаған тәртіптермен атқарылады.

 

 

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., 050005, Райымбека даңғылы, 312. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты, Ғылыми-сараптау бөлімі, 316 бөлме. +7 (702) 321 98 85; +7 (771) 191 97 02

E-mail: journal.kazsrimea@yandex.kz

 

 
 

 

 

 

 

Бізбен байланысыңыз