Тарихы


 

     Қазақ ауыл  шаруашылығын механикаландыру жане электрлендіру ғылыми-зерттеу институты (ҚазАШМЭҒЗИ) 1948 жылы 20 наурызда ауылшаруашылығын техникалық қамтамасыз етуді дамытуға, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының өнімділігін көтеруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығы болып құрылған. 1955 жылға дейін институттың ғылыми қызметкерлері егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көлемді еңбек қажет ететін үдерістерді жарақтандыру үшін жаңа  машиналардың бірнеше конструкцияларын шығарды. 

     1961 жылдың 1-қаңтарында институтта 13 ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық  бөлімшелер болды, осы кездері жұмыскерлердің жалпы саны 184 адамға жетті, ғылым кандидаты дәрежесінде 6 қызметкер болды институтта аспирантура жұмысын  бастады.

     Бұл жылдары институтты басқарған директорлар: Глейберзон Д. А.(1948 ж.),  Рубцов П.А. (1949-1951 жж.), Духов Т.Г. (1951-1952 жж., және 1954-1955 жж.), Тулинов А. А. (1953-1954 жж.), Николаев П.А. (1952-1953 жж., және 1955-1970 жж.).

     25-жылдық  мерейтойына (1973ж.) ғылыми-зерттеу бөлімшелер саны 21, институт штаты - 300 адам, ғылыми қызметкерлердің саны - 150,  олардың ішінде 42 ғылым кандидаты болды. Топырақтың тозуына кедергі техникалардың бірінші кезектегі кешенін жасау аяқталды. Қой шаруашылығында өндірістік үдерістерді  жарақтандырудың,  сумен қамтамасыз ету техникалық құралдары жүйесінің, қаракөл қозыларын сою орнында негізгі және қосымша үрдістерді жарақтандырудың жаңа технологияларының, қойды қоршалған жайылымдарда бағудың және ірі қой фермаларында өндірістік үрдістерді  жарақтандырудың өнеркәсіптік технологияларының негізі қаланды. Қой өсіру кешендері үшін қоралар және суару құралдарының кешені топтап шығарылды. 

     Осы жасалымдары және бірқатар басқа жұмыстары үшін институт 1974 және 1975 жылдары Қазақстан КП ОК-нің, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің, Қазақстан кәсіподақ кеңесінің  және Қазақстан ОК  ЛКЖО-ның  ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды.

Қазақ ССР  Министрлер Кеңесінің 1977 жылдың  8 желтоқсанындағы № 9562  Қарарымен институт  Қазақ ауыл шаруашылығын механизациялау және электрлендіру ғылыми-өндірістік бірлестігі («Казсельхозмеханизация») ҒӨБ)  болып қайта құрылды. Бұл күнде институттың штаты 324 адамды құрады, олардың  160-тан астамы ғылыми қызметкерлер, соның ішінде 44 ғылым кандидаты болды.

Еліміздің 20 зауыттарында  43 түрлі машиналар, саймандар мен жабдықтар топтап шығарылды.

СОКП ОК-нің және СССР Министрлер Кеңесінің. 1988 жылы 25 қазандағы Қарарымен авторлар тобына ауыл шаруашылық өндірісінде  топырақты қорғау  технологиясын және топырақтың тозуына кедергі техникаларды жасап, меңгеріп және ауылшаруашылық өндірісіне енгізгені үшін ғылым мен техника саласында ССРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Авторлық ұжымның құрамында А.П.Грибановский.

Қой шаруашылығы және қаракөл өнімдерін қалдықсыз өңдеуге арналған технологиялық кешендер құрылды. Осы жетістіктер ССРО ХШЖК-нің  4 алтын, 4 күміс және 6 қола медалдарымен марапатталды. Жасалған жабдықтар Монголияға экспорталды.

«Россельмаш» ӨБ-нің БМКБ-мен бірігіп астықты кейіннен бастыру және дәнді електен өткізүдің жартылай жылжымайтын және жылжымайтын жағдайларда дәнді  дақылдар мен күрішті жинаудың жаңа технологиясы үшін машиналар кешені жасалды. Бұл технология ССРО ХШЖК-нің алтын және күміс  медалдарымен марапатталды.

Институт табыстары 1976 және 1984 жылдары ССРО Министрлер Кеңесінің,  БКҰОК-нің   және  БЛКЖО ОК-нің ауыспалы Қызыл Туымен  марапатталды. 1983 жылы Қазақстан КП ОК-нің, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің, Қазақстан кәсіподақ Кеңесінің  және Қазақстан  ЛКЖО ОК-нің  ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды. 1976 жылы  институт  Қазақ ССР-ніің  Алтын  Құрмет  Кітабына  енгізілді, ал қызметкерлер  ХШЖК-нің  90  медалімен марапатталды.

 

Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы Н.А. Назарбаевтың  «Казсельхозмеханизация» ҒӨБ-не келуі, 1989 жыл,  қыркүйек айы.

ҒӨБ  басшылығын  осы кезеңде И.Қ.Қыпшақбаев (1970-1993 жж.) басқарды. Оның дербес үлесі арқылы институт үлкен табыстарға жетті.  1986  жылдан  "Казсельхозмеханизация" ҒӨБ-де кандидаттық  диссертация қорғау бойынша мамандандырылған кеңес жұмыс істей бастады.  

             

 

Нарыққа көшу институты Л.С. Сейітбеков (1993 - 2002 жж.)  басқарды және  кәсіпорынның  тұтастығын сақтап қалу мен мамандар болашағын шыңдау  үшін  үлкен үлес қосты.

Қаржылық  қиындықтар мен құрылымды өзгерістерге байланысты институт қызметкерлерінің жалпы саны 1961 жылдың деңгейіне төмендеп 207 адамды құрады (ғылыми қызметкерлер - 72,  ғылым докторлары - 7,  ғылым кандидаттары - 29, ҚР ҰҒА академиктері - 2,  ҚР  ҰҒА мүше-корр. - 2). 

1994 жылдан  "Казсельхозмеханизация" ҒӨБ-де докторлық диссертация қорғау бойынша мамандандырылған кеңес, 1996 жылдан  докторантура жұмыс істей бастады.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсанындағы №1309  Қарарымен институт ҚР ауыл шаруашылық Министрлігіне ведомстволық бағынатын «Ауыл шаруашылығын механизациялау ғылыми-өндірістік орталығы» болып қайта құрылды.

2016 жылы ҚР АШМ "ҚазАгроИнновация" АҚ тарағаннан кейін, "ҚазАШМЭҒЗИ" ЖШСі "Ұллтың Аграрлық ғылым-білім беру орталығы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамынынысның ("ҰАҒБО" КЕАҚ) ғылыми-зерртеу ұйымдарының құрамына кіреді.

2007 жылдан Орталық ҚР АШМ "КазАгроИнновация" АҚ-ның құрамына кірді, 2008 жылы құрамында Қостанай  және  Ақкөл қалаларындағы филиалдармен "Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-і  ("ҚазАШМЭҒЗИ" ЖШС) болып қайта құрылды.

Қазіргі уақытта институттың штаты филиалдармен қосқанда 227 амды құрайды, оның ішінде 120 ғылыми қызметкерлер, 11 ғылым докторы, 26 ғылым кандидаты, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның  3 академигі және 1 ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі.

Бас институтта 7 ғылыми зертханалар, ауылшаруашылық  машиналарын жобалайтын конструкторлық бөлім, ауылшаруашылық техникаларын сынау және  сертификаттау бойынша аккредитациядан өткен зертхана және экперементальды цех жұмыс жасайды.

 

 

Бізбен байланысыңыз