Қостанай филиалы


Жұмыс бағыты

  • өсімдік және мал шаруашылықтары салаларындағы қолданбалы және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
  • технологиялық кешенді машиналар құрамдары мен оптималды құрылымдарын қалыптастырудың әдістерін жасау және оны жүзеге асыру, сондай-ақ аймақтық тиімді пайдаланудың шарттары
  • ауыл шаруашылығы өндірісі үшін ресурс үнемдеуші технологиялар мен техникалық құралдарды жасау және ендіру
  • ауыл шаруашылық машиналарын, құралдарын және құрал-жабдықтарын жасау,  
  • оларды аз топтамамен шығару
  • шет елдік және отандық жаңа ауыл шаруашылық техникаларын сертификаттау, қабылдау және басқа сынау түрлерін жүргізу мен аймақтардың топырақ-климаттық жағдайына бейімдеу
  • ауыл шаруашылық техникаларын сынау әдістемелерінің стандарттарын, нормативтік құжаттарын жасау

 

Ғылыми-өндірістік базасы

     Институттың құрамында алты ғылыми зертхана, конструкторлар бюросы, техникаларды сынау және сертификаттау лабораториясы, Қостанай облысындағы патенттік қоры бар жалғыз ғылыми-техникалық кітапхана, эксперименталды өндіріс және автотракторлар паркі бар. Құрамында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, яғни әдебиеттер мен патенттік ізденуден жасап шығарылған машиналарды, құралдарды және жабдықтарды өндіріске ендіруге дейінгі толық циклді құрылымдары жұмыс істейді. Институттың алып жатқан аумағы 6,8 га, құрылыстарының көлемі – 22 мың м2.

     Сынақ жасау зертханасы ҚР аккредитациялау жүйесінде аккредиттелген және мемлекетаралық Кедендік Одақ елдерінің сынау зертханалары реестріне қосылған. Зертхана жұмыс істеген 15 жыл ішінде төрт жүзден астам ауыл шаруашылық техникалары мен құралдарына, тракторларға, азық жинау комбайндарына, жүк таситын және жеңіл автомобильдерге сынақ жұмыстарын жасады.   

     Экспериментальды өндіріс орны жасау үрдісі үстіндегі ауыл шаруашылық машиналарының экспериментальдық және тәжірибелік үлгілерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына арналған өздері жасаған техникаларды шағын топтамамен жасауда. Өндірістік үй-жайлардың жалпы көлемі 5,3 мың м2, олар қажетті станокты паркпен және құрал-жабдықтармен жарақтандырылған.Тапсырыстар бойынша 30-дан астам техника түрлері шығарылуда, олар әсіресе, Қазақстанның тауар өндіруші Солтүстік өңірлерінде тұрақты сұранысқа ие болуда.   

     Институтта барлығы 100 адам жұмыс жасауда, оның ішінде 20 ғылыми қызметкер, олардың 2-і техника ғылымдарының докторы, 6 техника ғылымдарының кандидаты, бір РҺD және 10 ауыл шаруашылық магистрі еңбек етуде. Институт жұмыс істеген жылдары ішінде 100-ден астам машиналар және құралдар түрін жасады. Ғылыми ізденістері үшін 400-ге жуық авторлық куәліктер мен патенттер алынды.

 

110011, Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 34

Тел: +7 (714) 255-81-46

Факс: +7 (714) 255-81-49

E-mail: celin@mail.kz,   celinnii@ rambler.ru

web-site: www.celinnii.kz

Бізбен байланысыңыз