Институтының директорлары



ГЛЕЙБЕРЗОН Давид Абрамович

1911 жылы Белорусс ССР-нің Полесск облысының Петриков с. туған. Білімі агроном-экономист. 1935 жылы Белорусс АШИ-ның агрономия факультетін бітірген, 1939 жылы Белорусс АШИ-ның ауыл шаруашылығын механикаландыру факультеті жанындағы техникалық аспирантураны бітір, 1940 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1948 жылы институттың бірінші директоры міндетін атқарды.


РУБЦОВ Павел Александрович

1903 жылы Волгоград обласының Сиротинск станицасында туған. Білімі инженер-электрик. 1937 жылы Москва ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтының ауыл шаруашылығын электрлендіру факультетін бітірді. 1948 жылы техника ғылымдары кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. 1949-1951 жылдары осы институттың директоры болып қызмет етті. 1951-1952 жж. және 1954-1955 жылдары институт директоры блды.


ТУЛИНОВ Анатолий Александрович

1916 жылы Алматы қаласында туған. 1939 жылы ҚазАШИ-ның ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін бітірді. 1951 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1953-1954 жж. институт директоры блды.
  

НИКОЛАЕВ Павел Андреевич

1906 ж. 20 қыркүйегінде Новгород облысында туған. Білімі инженер-механик. 1906 жылы Новгород обласында туған. 1938 жылы Ленинград социалистік егіншілік механикаландыру институтын  бітірген. 1959 жылы БМИ-да кандидаттық диссертациясын қорғаған. Оның жетекшілігімен институт республиканың құрғақ далалық және далалық аймақтарының, суғарылатын егіншілік, қой шаруашылығы үрдістерін механикаландыру, етті мал шаруашылығы және басқа да бағыттар бойынша машиналар мен құралдар жасап шығаруда жоғары нәтижелерге жетті. Қазақ ССР-нің Ғылым мен техникасының еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды. 1952-1953 жж. және 1955-1970 жж. институ директоры қызметін атқарды.
 

ҚЫПШАҚБАЕВ Иса Қыпшақбайұлы

1927 жылдың 15 қаңтарында Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Абай атындағы колхозында туған. Білімі инженер-механик, 1948 жылы ҚазАШИ-ын бітірген. 1950-1953 жылдар аралығында В.П. Горячкин атындағы МИИСП-ның күндізгі аспирантурасында оқыды. 1953 жылы техника ғылымдары кандидаты дәрежесін алды, 1955  жылы «Тракторлар және автомобильдер» кафедрасының доценті болып бекітілді. 1992 жылы ҚазАШҒА мүше-корреспонденті болып сайланды, 2003 жылы ҚР ҰҒА академигі болып сайланды.
1970-1993 жж. институт директоры болды. Оның басшылығымен жоспарлы экономика жағдайында институттың барлық кезеңдері аралығындағы айта қаларлықтай жетістіктерге жетті, бұған институттың Қазақстан КП ОК және СОКП ауыспалы Қызыл Туымен және КСРО ХШЖК, КазССР ХШЖК 90 медалімен марапатталуы куә болды.
 
 
СЕЙТБЕКОВ Лесбек Сейтбекұлы

1993-2002 жж. аралығында институт директоры болды. Академик Л.С. Сейтбеков ҚазАШМЭҒЗИ басшылық ете отырып, ауыспалы кезеңнің қиындығына қарамастан кәсіпорынды сақтап қалуға көп күш салды. Докторлық және ғылым кандидаттарын қорғау бойынша мамандандырылған кеңес құрды. Кадрлар құрамын нығайту жұмыстарын жүргізді.
Сейтбеков Л.С. ауыл шаруашылығы өндірісі ауқымындағы технологиялық үрдістер мен техникалық құралдарды жобалаудың концепциялары және ғылыми-методологиялық негіздерін жасауда елеулі еңбек сіңірген белгілі ғалым. Оның жетекшілігімен және жеке өзінің қатысуымен құрамында қаракөл өнімдерін қалдықсыз өңдеуге арналған  кешенді  10 машина атауы енгізілді. Олар жалпы экономикалық тиімділігі 5 млрд. теңгеден астам көлемде Орта Азия және Қазақстанның 250-ден астам шаруашылықтарына ұсынылды.
Ғылыми кадрлар даярлауда ол «АШМ ҒӨО» РМӨ ғылыми кеңесінің, кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау кеңесінің мүшесі болды, сонымен бірге ол 9 докторлық, 18 кандидаттық диссертацияны қорғауға дайындады.


ОСПАНОВ Асан Бекешұлы

1961 жылы туған. 1978 жылы Жамбыл гидромелиоративтік институтын бітірді. Техника ғылымдарының докторы, профессор Оспанов А. Б. 2002-2007  жылдары институт директоры болды, осы жылдары ол мекемеде ауыл шаруашылық техникаларын сертификаттау бойынша сынау зертханасын құрды. «Жеңіске 60 жыл» медалімен марапатталды.
 

АСТАФЬЕВ Владимир Леонидович

1958 жылы туды. 1979 жылы Челябі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы, профессор Астафьев В.Л. 2007-2009 жж. институт директоры қызметін атқарды. Қазіргі күні ол Қостанай қаласындағы ҚазАШМЭҒЗИ филиалының директоры.



Экспериментальді зауыд директорлары: Тараненко И.Д. (1959-1961 жж.), Бон Э. И. (1961-1988 жж.), Бояркин С. А. (1988-1994 жж.), Локшин А. Л. (1994-1997 жж.), Михайловский В. Ф. (1997-2007 жж.), Ким А.С. (2007-2011 жж.), Михайловский В. Ф. (2011 жылдан бері).
 
Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары: Глейберзон Д.А., Каплан Р.М., Локтев Н. Я., Батыршин А. Г., Садықов Г. К., Бочаров А. П., Жақыпбеков С. Ж., Гасанов П. М., Малев М. К., Байболсынов К. М., Бидлингмайер Р. В., Рзалиев А. С., Бекенов М. Б., Омаров Р. А., Қалиасқаров М.К., Омаров Р.А., Оспанов А.Б.
  
Ғалым хатшылыр: Лидерман И. Ш., Марченко М. Д., Дацевич М. А., Кузнецова М. К., Тюленев П. В., Степашова (Грозь) Л. М., Тлеубергенов С. Т., Гуцалюк Е.А., Жақыпбеков С.Ж., Байболсынов К. М., Оглоблина И. В., Андрейчук А. Л., Кириллов В. П., Вольфрам С. В., Солдатов В. Т., Шаукентаев Ж.Т., Омаров Р.А., Алдабергенов М.К., Алтыбаев А.Н., Жұматай Ғ.С. 

Бізбен байланысыңыз