СЗ


Сынақ зертханасы

  

  Зертхана меңгерушісі – Суранчиев Мурат Турганович

Зертхана туралы

     1958 жылы институтта «Өлшеу және радиоизотоптық техникалары» зертханасы құрылып, 2008 жылы ол  «ҚазАШМЭҒЗИ» Сынау зертханасы ретінде аккредитациядан өтті.  Зертхана құрылғаннан бері оны Кравченко В. И., Коренчук П.П., Жортуылов О.Ж., Қалиасқаров М.К., Жұматай Ғ.С. басқарды.

     Сынақ зертханасы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2015 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талабына сай аккредиттелген.

     Сынақ зертханасының Аккредиттеу аттестатының № KZ.И.02.0156, 06.12.2016 жылдан.

 

     Сынау зертханасының негізгі міндеттері: өнімдердің өз деңгейінде және аккредитациялау бағалануына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аккредитациялау жүйесінің тәртіптері мен рәсімдеріне сәйкес басқа да жұмыстарға сынақ жүргізу; отандық өнімдердің бәсекелестігін арттыру; отандық өнімдердің сыртқы нарыққа шығуы шарттарын жасау; сынақ жүргізудің толық қанды және дұрыс атқарылуын қамтамасыз ету; сынақ нәтижелерін тәртіптеу және нәтижелерін беру; зертхананың үздіксіз сапа менеджменті жүйесінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

     Зертханада 200-ден астам нормативтік-техникалық құжаттар бар. Зертхана аккредиттеу аймағына сәйкес келетін өлшеудің дәлдігін және нәтижелердің нақтылығын қамтамасыз ететін алдын ала, қабылдау және сертификациялық сынақтар жүргізуге арналған қазіргі қажетті өлшеу құралдарының барлығымен жабдықталған. Материалдық-техникалық базасы тұрақты түрде, сынау және өлшеу әдістемелері мен құралдары ұдайы  жаңартылуда

     Қазіргі кезде зертхана аккредитация аумағына сәйкес қабылдау, сертификаттау сынақтарын жүргізуде және «Қаз АШМЭҒЗИ» ЖШС-де жаңадан жасалған экспериментальді машиналарды сынақтан өткізуде.

Ғылыми ізденістердің бағыты

  • «Қаз АШМЭҒЗИ» ЖШС-де жасалынатын машиналар мен жабдықтардың жұмыс істеу қабілетін тексеру және техникалық сипаттамаларын анықтау үшін зертханалық  және алдын-ала сынақтарға қатысу
  • Аккредитациялық ұсынылған жұмыс аумағына сәйкес топтап шығарылатын, жетілдірілген және жаңадан жасалынған ауылшаруашылық және жол-құрылыс техникаларын  техникалық сипаттамалары бойынша қоршаған  орта мен адам денсаулығы үшін қауіпсіздік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін қабылдау және сертификациалау сынақтарын жүргізу

Қызмет көрсету

Сертификаттау, бақылау және қабылдау сынағы:

  • Ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығына арналған тракторларды сынақтан өткізу
  • Ауылшарушылығы дақылдарын жинау және бастыру машиналарын сынақтан өткізу
  • Дәнді дақылдар жинайтын комбайндар, шөп шапқыштар, сығымдағыш- жинағыштарды сынақтан өткізу
  • Соқалар,  тырмалар, сепкіштер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер және т.б сынау
  • Сұйықтар мен ұнтақтарды шашу және себу үшін механикалық құрылғыларды сынау
  • Мала азығын  дайындайтын, ұнтақтайтын  машиналарды сынау
  • Тұқымдарды, дәндерді, бұршақ тұқымдастарды тазалау мен сұрыптау немесе  калибровка жасайтын машиналарды сынау
  • Тиейтін құрылғыларды, тиегіш, көліктиегіштерді сынақтан өткізу
  • Сұйықтықтарды сору сорғыларын сынау
  • Желқуаты қондырғыларын сынау
  • Сүт  сепараторларын, аппараттарын және саууға арналған қондырғыларды сынау
  • Қара металдардан немесе алюминийден жасалған резервуарларды, цистерналарды, сыйымдылықтарды сынау
  • Жер қазу машиналарын (бульдозерлер, грейдерлер, механикалық күректер, шынжыр табанды экскаваторларды) сынау
  • Топырақты тығыздайтын немесе таптайтын машиналарды сынау 
  • Қоғамдық жұмыстарға, құрылыс жұмыстарына және осыған ұқсас жұмыстарға арналған машиналарды сынау, қардан тазартатын машиналар

Бізбен байланысыңыз