МШПМ


Мал шаруашылығындағы процесстерді механикаландыру зертханасы

Зертхана меңгерушісі - Әбілжанов Данияр Тоқтарұлы

Зертхана туралы

     1970 жылы «Мал бордақылауды механикаландыру» зертханасы құрамында «Мал азығын дайындауды механикаландыру» бөлімшесі ашылған болатын. Бұл бөлімшеге жетекші болып техника ғылымдарының кандидаты Голиков В.А. тағайындалды. 1975 жылы осы бөлімшенің негізінде мал азығын дайындау мен таратуды электромеханикаландыру зертханасы ашылып, оған Голиков В.А. жетекшілік етті.

     1992-2007 жылдары осы зертхананы техника ғылымдарының докторы Т. Әбілжанұлы басқарды.

     2015 жылы «Мал шаруашылығындағы үдерістерді механикаландыру» зертханасы қайта ашылды. 2015-2016 жылдары техника ғылымдарының докторы, профессор Т. Әбілжанұлы зертханаға жетекшілік етті, ал 2017 жылдың қантарынан бастап, зертхана меңгерушісі болып техника ғылымдарының кандидаты Д.Т. Әбілжанов тағайындалды.

     Зертхана қызметкерлері (Голиков В.А., Әбілжанұлы Т., Алексеев А.А., Пашевкин О.Б., Хабибуллин М.Г., Ерохин А.С.) конструкторлық бюромен қосыла отырып, ірі мал фермаларына арналған қуаты 100 кВт электроқозғағыш қойылған жоғары өнімділікті ДИК-100 уатқыш-ұсақтағышын, С-20, С-40 араластырғыштарын және ЭС-6 электромагниттік сепараторын жасап шығарды. Құрамына осы машиналар кіретін жоғары өнімділікті КЦО-15 мал азығын дайындау цехінің жабдықтар жүйесі жасалды. Оған қабылдау сынағы өткізіліп, нәтижесінде оны жаппай сериямен шығару ұсынылды. ҚазАШМЭҒЗИ тәжірибелік зауытында және басқа да мекемелерде КЦО-15 азық дайындау цехінің 130 жабдықтар жүйесі жасалып, Республиканың шаруашылықтарына орнатылды.

     КЦО-15 азық дайындау цехін негіздеп жасап, өндіріске енгізгені үшін зертхана қызметкерлері (Голиков В.А., Әбілжанұлы Т., Алексеев А.А.) КСРО және Қазақ ССР Халық жетістіктерді көрмесінің күміс медалімен марапатталды.

     Кейінгі жылдары КЦО-2,0 азық дайындау цехі, АКП-40 азық дайындау агрегаты,
ИМ-1 сабақты азық ұсақтағышы негізделініп жасалды. Кеңес дәуірінде Институттағы социалистік жарыс нәтижесінде «Мал азығын дайындау мен таратуды электромеханикаландыру» зертханасы тұрақты түрде жүлделі орынға ие болып отырды.

     Т.Әбілжанұлының жетекшілігімен 2001-2005 жылдары ДИК-1,5 кішігірім ұсақтағыш, СК-1 араластырғышы, ДУ-11 әмбебап уатқышы, АКМ-5,5 кішігірім агрегаты және ЛПК-1,0 құнарлы құрамажем дайындау тізбегі жасалды. Жоғарыда көрсетілген машиналар Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарына және шаруа қожалықтарына еңгізілді. 2016 жылы ДИК – 1,5 және ДУ – 11 ұсатқыштарына сертификациялық сынақ өткізіліп, машиналардың тәжірибелік партиясын шығаруға талапқа сәйкестік декларациясы алынды.

 


     Әрі қарай Т. Әбілжанұлы «Мал азығын әзірлеу машиналары» зертханасы құрамында мал азығын дайындау машиналарын негіздеп жасау тақырыбын жандандырумен айналысты. Ол «Далалық жағдайда шөпті ұсақтап әзірлеуге және тұрақты жағдайда сабақты азықтың барлық түрін ұсақтауға арналған әмбебап жинағыш-ұсақтағыштың тәжірибелік үлгісін негіздеп жасау»; «Еңбек шығынын азайтатын технология мен дәруменді шөп ұнын шөптің жапырақ бөлігінен дайындайтын тізбекті негіздеп жасау».

     Бұл жұмыстар бойынша кең алымды жинағыш-ұсақтағыштың алдын ала сынағы өткізіліп, кіші шаруашылықтарда мал азығын дайындап, таратуға арналған жылжымалы агрегаттың оңтайлы параметрілерін негіздеу үшін тәжірибелік зерттеулер жүргізілуде. Қазіргі уақытта лабораторияда «Технологияны кіші қожалықтарда толық рационды аралас азықты дайындап таратуға арналған жылжымалы агрегаттың тәжірбиелік үлгісін» негіздеп жасау; «Ресурс үнемдейтін технологиялар мен ұсақталған шөп пен сүрлемшөпті әзірлеуге арналған кең алымды жинағыш – ұсақтағыштың соңғы тәжиірибелік үлгісін негіздеп жасау» жобалары іске асырылуда.

     Зертхана ғалымдары конструкторлармен бірге 21 машинаны, КЦО-15 және КЦО-20 азық дайындау цехтарын, ЛПК-1,0 құнарлы құрама жем және ЛВМ-0,5 дәруменді шөп ұны дайындау тізбектерін негіздеп жасады. Олар Қазақстан Республикасының, Ресейдің және Украинаның шаруашылықтарында енгізілген. 30-дан астам авторлық куәліктер мен патенттер алынды, 400 мақалалар мен 11 кітап басылып шықты.

Ғылыми зерттеулер бағыты 


  • Қысқа шөпті ұсақтап әзірлеу технологиясын негіздеу және ұсақталған шөпті, сүрлем шөпті, сүрлемді әзірлеуді қамтамасыз ететін мал азығын жинау комбайынын негіздеп жасау;
  • Жоғары температурада кептіруді қолданбай, шөптің жапырақ бөлігінен дәруменді шөп ұнын дайындау технологиясын негіздеу және техниқалық жабдықтарын негіздеп жасау;
  • Кіші шаруа қожалықтарында аралас азық дайындауға және таратуға арналған технология мен техникалық жабдықтарды негіздеу;
  • Мал азығын дайындау агрегатарын негіздеп жасау және шөп пен дәнді азықты ұсақтау, құнарлы құрама-жем және аралас азық дайындау процестеріне ғылыми-зертеулер жүргізу. 

Қызмет көрсету

  • Машиналарды шаруашылыққа енгізу, фермерлерге семинар және дала күнін өткізу жұмыстары.

Бізбен байланысыңыз