ЭҮАЖЭ
Энергия үнемдеу, автоматтандыру және жаңартылатын энергия зертханасы

Зертхана меңгерушісі – Омаров Рашит Әбдігаравұлы
Зертхана тарихы
Зертхана тарихы өткен ғасырдың 50-жылдарының бастау алады. Алғашқы үлгілер желдік агрегаттар ДДК-4 және КИМЭСХ Д-3, жылқы айдау қондырғысы КВ-1. Агрегаттар Семей, Тоғұзақ механикалық заудтарында өндірілді (Духов Т.Г., Дацевич М.А., Каплан P.M., Андрианов В.Е.). Кейінгі жылдары, зерттеу тақырыптары кеңейтіле бастады және құрылымдық өзгерістер барысында жаңа зертханалар құрылды.
ҚР ҰҒА академигі, профессор Л.С. Сейтбековтің басшылығымен қаракөл өнімін алғашқы өңдеу технологиясы әзірленді. Қозыларды сою, қаракөл өнімін алғашқы өңдеу құрылғылары: қозыны сою және терісін сыпыру, теріні алғашқы өңдеу, сойыс қалдықтарын қайта өңдеу, сонымен қатар сойыс қалдықтарынан ақуыз түйіршіктерін алу және қайта өңдеу құрылғылары өндіріске шығарылды. Құрылғылармен Республикамыздың ірі қаракөл шаруашылықтары жабдықталды және Моңғолияға экспортталды (Непша Г.Е., Есенсариев Р., Әбдіқайров А.А., Қалиасқаров М.Қ., Омаров Р.А., Арихов М.А. және т.б.).
Р.М. Капланның басшылығымен қой шаруашылығындағы ондірістік процестерді механикаландырудың және жайылымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі техникалық құралдарды жасаудың негізі қаланды. Қойды суға түсіру құрылғысы, жел су көтергіштер ВВ-50, ВВЛ-3-50, шағын көлемді таспалы су көтергіш ВЛМ-С, ВЛС-50, шахталы құдықтарды тазартқыштар ОШК-30, суды көтеру үшін электр сорғысына пакерлі қондырғылар УПГ-140, УПГ-168, УПГ-219 жасалып шыгарылды (Яковлев А.А., Қасқарауов И.К., Мареев А.Н., Қоңырбаев А.Б. және т.б).
Л.А.Барановтың басшылығымен электродты су жылытқыштардың бірнеше түрі ЭВН-16А, ЭВН-25, ЭВН-6/9, ЭВН-63/04, ыстық сумен қамтамасыз ету құралдыр жиынтығы КОГВ-1000/25, КОГВ-2500/60. ЭВН-16, ЭВН-25, сондай-ақ КОГВ-1000/25 жасалып республика зауыдтарында сериялап шығарылды (Барков В.И., Веселова Е.П., Крашенинников О. Ю., Алдибеков И. Т. Березовская И.Я., Губанова Н.Г.).
70-ші жылдары, қой шаруашылығы кешендерінің даму барысында Р.Ш. Галимбаевтың басшылығымен электромобильді азық таратқыш ЭК-10 және аккумуляторлы азықтаратқыш, жас жануарларды сәулелендіруге арналған мобильді ультрафиолетті қондырғылар жасалды (Омаров Р.А., Шарипбаев С.Ж., Ильиных А.И. және т.б).

Е.Б. Нестеровтың жетекшілігімен ПРООН и ГЭФ «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министирлігі мен Дүниежүзілік банк аясында Құрғаған жерлерді басқару» жобасы шеңберінде желэлектрлі ВЭ-5Т-2М және желді су көтеру ВВ-5Т құрылғылары Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 32 шаруа қожалықтарында өндіріске енгізілді.
Осы жылдар ішінде зертхана қызметкерлері 1000-нан астам ғылыми мақалалар, 25 монография, 50-ден астам ұсыныстар жариялады. Зертхана жасалымдары 150-ден астам КСРО авторлық куәліктерімен және ҚР патенттерімен қорғалды.
Қазіргі зертхана «Энергияны үнемдеу және автоматика», «Ауыл шаруашылығында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану» және «Агроөнеркәсіптік кешендегі ақпараттық жүйелер мен технологиялар» зертханаларының біріктірілу нәтижесінде құрылған.
Ғылыми-зерттеу бағыттары
- Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету технологиялары мен техникалық құралдарын жасау;
- Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану негізінде шағын және орта шаруашылықтарда дербес электрмен жабдықтау жүйесін дамыту;
- Ауыл шаруашылығы машиналар мен қондырғыларды асинхронды электр жетекті микропроцессорлық басқаруды жасау;
- Мал және өсімдік қалдықтарынан органикалық тыңайтқыш өндіру технологиялары мен техникалық құралдарын жасау;
- Ауыл шаруашылығы өндірісін, инженерлік және техникалық саладағы ақпараттық шешiмдер қабылдауды қолдау жүйелерiн жасау.
Қызметтер көрсету
- Семинарлар және далалық күндер өткізу, фермерлер үшін консалтингтік қызметтер көрсету, магистранттар мен докторанттардың жұмыстарын ғылыми басқару, монография, ұсынымдар жариялау.
Соңғы 3 жылда агробизнеске тендерлік құжаттарды тіркеуге, жоғары технологиялық өнімдер өндерісі үшін грантық өтініштер мен бизнес-жоспарларға 30-дан астам консультациялық қызметтер көрсетілді.