ЭЦ
Эксперименттік цех

Цех бастығы - Ким Климентий Борисович
1959 жылы бұрынғы Тастақ машина-трактор станциясы базасында Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты ғылымының тхникалық базасының негізі қаланған болатын. 1979 жылдың ортасына қарай заудтың құрылғанына 20 жыл болды. Осы кезеңге дейін зауыд жақсы жабдықталған өндірістік кәсіпорнына айналды, ол ауыл шаруашылық өндірісі қажетін өтейтін кез-келген машиналарды, құралдар мен құрылғыларды тәжірибе жүзінде жасай алатын деңгейге жетті.
Экспериментальды зауыд 1959 жылдан «Қазауылшармеханикаландыру» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрамына құрылым бірлігі ретінде кірді. Зауыд ғылыми тапсырыстар бойынша жаңа техникалар даярлауға тұтастай көшірілді. Технологиялық алаңдарды жаңарту мен ұлғайту жөнінде шаралар қабылданды, ал жобалаушы институт жаңа өндірістік үйлерді жобалауға кірісіп кетті.
Техникалық жарақтанырудың деңгейі және үлкен тәжірибе, жұмысшылардың, ИТЖ мен қызметкерлердің жоғары маманданулары күрделі деңгейдегі жеке экспериментальды-тәжірибелік машиналардың, құралдар мен ауыл шаруашылық өндірісіндегі және әсіресе қой шаруашылығындағы ауыр қол жұмыстарын механикаландыруға арналған құрылғылардың үлкен көлемін жасауға қол жеткізді.
Конструкторлар бюросының және сыртқы тапсырыстардың құжаттары негізінде 600-ге жуық машиналардың макеттік және экспериментальік үлгілері жасалды. ПР-75 соқа-қопсытқышы 120 мыңнан астам, сеялкаларға арналған қосымша құрылғылар – 6350-ден астамы, су қыздырғыштар – 7585 дана, КВО-4 суғару құрылғысының – 150 жиынтығы, КЦО-15 азық цехының 45 жиынтығы, ДИК-100 азықтарды уатқыш-ұсақтағышының 50 данасы, КРС ФЖР-1 ветөңдеуішінің 10925 данасы және т.б. басқалары жасалды. КУН шөмеле тасымалдауышының саусақтары сериялы шығарылып, ол жылына 150 мыңға дейін жетті. 1987 жылы зауыд жұмысшыларының саны 146 адамға жетті. Өндірістің жылдық ауқымы 1570 мың АҚШ долл. құрады.
Зауыд жыл сайын: бір мезгілде 10 мың қой бордақылайтын кешендерге 25 қашарлық және суғару құрал-жабдықтар жиынтығын, қаракөл қозыларын сою және алғашқы тері өңдеуге арналған 20 жиынтығын, қаракөл терісін тұздауға арналған жабдығын, ірі қара малын зооветеринарлық өңдеуге және белгі салуға арналған мал басын есептегіш-фиксатордың 1000 данасын, мал азығын араластырғыштың – 40 данасын, сарымсақ басын даралағыштың 30 машинасын дайындап, ауыл шаруашылық өндірістеріне беріп келді, сондай-ақ зауыд бір мезгілде 50-ден астам атаулардың жекелей экспериментальды және машиналардың ұсақ топтамасын, құралдар мен құрылғыларды жасады.
Цех қызметінің басты бағыты
- ҚазАШМЭҒЗИ ЖШС дайындаған құрал-жабдықтар мен машиналарды жасап шығару және зауыдтық сынақтардан өткізіп, машиналар сенімділігіне көз жеткізу;
- Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің тапсырыстары бойынша машиналар мен құралдардың тәжірибелік үлгілерін дайындау және сату