Басқарма Төрағасы

Кешуов Сейітқазы Асылсейітұлы
Білімі:
- Қазақ ауылшаруашылық институты - Ауылшаруашылық өндірісі үдерістерін электрлендіру – мамандығы (1973)
- Техника ғылымдарының кандидаты (1981)
- Доцент (1983)
- Техника ғылымдарының докторы (1994)
- Профессор (1996)
- Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті (1997), академигі (2010)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті (2013), академигі (2017)
Еңбек қызметі:
- Қазақ энергетика ҒЗИ-ның инженері (1973-1974)
- Қазақ ауылшаруашылық институтының «Ауыл шаруашылығында электр қуатын қолдану» кафедрасының ассистенті (1974-1976)
- Челябинск ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтының аспиранты (1977-1979)
- Қазақ ауыл шаруашылық институтының «Электржетегі» кафедрасының ассистенті (1980-1982)
- Қазақ ауылшаруашылық институтының кафедра меңгерушісі (1982-2001)
- Қазақ ұлттық аграрлық университетінің институт директоры, ғылыми жұмыстар жөніндегі және халықаралық қатынастар проректоры (2001-2009)
- "Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-нің бас директоры (2009 жылдан - қазіргі уақытқа дейін)
Марапаттаулары:
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2002)
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісі (2004)
- «Құрмет» ордені (2005)
- «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі» атағы (2009)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016)