АШТЖ


Ауылшаруашылық техникасын жобалау зертханасы

Зертхана меңгерушісі –  Қарманов Дархан Қабдықалықұлы

Зертхана туралы

     Ауыл шаруашылық техникасын жобалау зертханасы, бұрынғы Аймақтық конструкторлық бюро (АКБ), 1978 жылы құрылған. Зертхана, техникалық тапсырыстарға сай және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде ҚР ауыл шаруашылығына қажетті машиналар мен құралдардың экспериментальдық және тәжірибелік үлгілерін 3D технологиялары көмегімен модельдеу арқылы жасап шығаруға арналған.

     Ауыл шаруашылық техникасын жобалау зертханасында өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру және дайындау, жаңғыртпалы қуат көздері саласындағы 600-ден астам аталымдағы машиналар мен жабдықтардың, сол сияқты тақырыптық жоспарға сәйкес басқа да өтінімдердің конструкторлық құжаттары жасалған.

     Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылық техникасын жобалау» зертханасында эксперименттік және тәжірибелік машина үлгісін, тәжірибелік топтама және шағын сериялы машина мен құралдар дайындау үшін инженерлік-технологиялық сала нормативті құжаттары және конструкторлық құжаттамалары өңделуде. Зертхана сызба құжаттарымен шамамен 20 ауылшаруашылық техникалары шығарылуда: ПБС-4соқасы; РВП – 4 қопсытқыш-тегістеуіші; КПН-4 қопсытқыш-сыдыра жыртқышы; ОК-3 құрама құралы; БДН – 2,4 аспалы дискілі тырмасы; СГ-3,6 жал жасағыш сепкіші; КС-2,1Ж бірбілекті  аспалы шөпшапқышы; ПР 400В ораманы жинағыш-сығымдағыш; ДИК-1,5 кішігірім мал азығын уатқыш-ұсақтағышы; ДУ 5,5…11,0 әмбебап уатқышы; АКМ-4мал азығын дайындау агрегаты; ЛПК-1,5 құнарлы құрамажем дайындау тізбегі; ВЭ-5Т-2М екі модульды желэлектр қондырғысы; ВВ-5Т жел-су көтергіші; БУ-5 и МБУ биогаз қондырғысы.

     Зертхана қызметкерлерінің 300-ден аса ғылыми еңбектері мен 100-ден аса өнертабыстары бар.

Ғылыми-зерттеу саласы

  • ауылшаруашылық машиналарын жобалау;
  • конструкторлық құжаттарды жасау;
  • 3D моделдерін жобалау және жасау;
  • машиналарды жасауға иегерлік бақылау және конструкторлық құжаттарды сақтау.

Қызмет көрсету

     Зертханаға техникалық тапсырыстар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, модельдеу, 3D технологиясы көмегімен нысандарды басып шығару және сканерлеу,  сол сияқты ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру саласындағы әлемдік жетістіктерді қарау, талдау негізінде конструкторлық және нормативтік құжаттарды жасау жүктелген.        

Бізбен байланысыңыз