АШДӨМ
Ауылшаруашылық дақылдарын өсіруді механикаландыру зертханасы

Зертхана меңгерушісі - Голобородько Валерия Павловна
Зертхана туралы:
Зертхана ҚазАШМЭҒЗИ құрылғаннан кейінгі уақытта жұмыс істеп келген дәнді және екпе дақылдарды өсіруді механикаландыру бойынша бөлімнің мұрагері болып табылады. Институттың 60 жылдан аса жұмыс уақыты ішінде бұл құрылым бөлімдердің аталымы бірнеше рет өзгерді. Бірақ олардың мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалды.
1960-1970 жылдары бірінші топтағы машиналар жасалды: СВУ-2,6 қаркүрегіш-жалжасағышы; КСП-2 кулисалы сепкіші; ЛОД-10 ойық жасағышы; КПП-2,2 жырғы-жалпақтілгіші; СЗС-2,1 және СЗС-2,1М сепкіш-жырғылары; КПГУ-250 және КПГУ-2,2 тереңқопсытқыш-тыңайтушылары.
Зертханада жасалынған машиналар
1980-1990 жылдары екінші топтағы машиналар жасалды: КПШ-5, КПШ-9 және КПШ-11 жырғы-жалпақтілгіштері; ОПТ-3-5 көпжылдық шөптер қабатын өңдейтін құралы; ГУН-4 тереңқопсытқыш-тыңайтушы, 2КГПЦ-2,2 тыңайтушылар жалғамасы; 3-5 класты қуатты тракторларға СВШ-7 және СВШ-10 жалғамасыз қаркүрегіш-жалжасағыштары; СЗС-6 және СЗС-12 топырақ тозуына кедергі сепкіштердің жаңа үлгілері; ОП-8 және ОП-12 топырақты себуалды өңдейтін құралы.

Тозуға қарсы машиналардың өндірісі Қазақстан мен Ресей зауыттарында игерілді. Бұл 80-ші жылдардың ортасына қарай одақта топырақ қорғау егіншілікті енгізу көлемін 60 млн. га жеткізді, соның ішінде Қазақстанда 22 млн. га құрады. Тозуға қарсы машиналардың өндіріске игерілуіне және енгізілуіне Қазақстанның бір топ мамандары жасалымдарға қатысып, соның ішінде зертхана қызметкері Грибановский А.П. ғылым және техника саласында КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Қазақстанның оңтүстік суармалы жерлерінде отамалы және дәнді дақылдарды өсіру үшін: ГОФ-2,8 қырғылы тереңқопсытқыш-түптегіш; СФО-2,8 көкөніс сепкіш-қырғысы; ГПУ-2,8 отамалы жырғы-тереңқопсытқыш; күздік бидайды жалға өсіру үшін СГ-2,8 сепкіш-жалжасағышы жасалған. Бұл машиналар өндірісі ҚазАШМЭҒЗИ тәжірибелік зауытында игерілді.
Қазіргі уақытта үшінші топтағы машиналар жасалуда: класы 40-50 кН тракторларға тіркелетін топырақты аудармай терең қопсытатын УПО-4 әмбебап құралы; класы 20 кН тракторларға КПН-4 аспалы жырғы-жалпақтілгіш; әртүрлі кластағы тракторларға тіркелетін СКБМ-12 топырақ өңдейтін сепкіш блокты-модульды кешені; ОМРЧП-4 жартылай аспалы сұйықағынды құрал; жал жасау технологиясы бойынша соя және басқа дақылдарды өсіру үшін СГС-4,2 сепкіш-жалжасағышы; топыраққа бірмезгілде гербицид енгізу қондырмасы бар үшқабатты жырғы-жалпақтілгіш.

Жасалған машиналар мен құралдар фермерлер тапсырысы бойынша «ҚазАШМЭҒЗИ» ЖШС тәжірибелі-эксперименттік зауытында шығарылады.
Зертхана жұмыс жасаған уақыт ішінде қызметкерлердің 2140-ден аса ғылыми еңбектері басылған, 127 жасалымға патенттер алынған, 140 ұсынымдар, 40 оқулықтар шығарылған. Зертхана зерттеу материалдары бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне 11 диссертация және техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне 9 диссертация қорғалды.
Ғылыми зерттеулер бағыты
- Қазақстанның қырлық егіс және суармалы жерлерінде әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарын өсіру бойынша технологиялық үрдістерді орындау үшін техникалық құралдарды жасау.
Қызмет көрсету
- Зертхана қызметкерлері өздері жасаған жасалымдары бойынша фермерлерге кеңестер өткізеді, сонымен қатар «ҚазАШМЭҒЗИ» ЖШС тәжірибелі-эксперименттік зауытында әзірленуіне мүмкіндік береді.