АШТМЖ
Ауылшаруашылығында технологиялар мен машиналар жүйесі зертханасы

Зертхана менгерушісі - Усманов Әбдікәрім Сүлейұлы
Зертхана туралы
Зертхана 1965 жылы құрылды. Зертханада: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының әр қилы уақыт кезеңдеріне сәйкес өсімдік және мал шаруашылықтарына арналған машиналар жүйесі бойынша нұсқаулықтары; агроөндірістік кешендердегі механикаландыру үрдістерін жоспарлаудың нормативтік-әдістемеліктері; өсімдік шаруашылығына қажетті техникаларды анықтау бойынша; өсімдік шаруашылығында атқарылатын механикаландырылған жұмыстарға жұмсалатын жанармай шығындары бойынша; ауыл шаруашылық техникаларын пайдаланудың тиімділігі бойынша; республиканың оңтүстік аймақтарындағы шаруа және фермерлік шаруашылықтарын ірілендіру бойынша және т.б. материалдары жасалды. Материалдарды мемлекеттік салалық басқару мекемелері мен шаруашылықтық субъектлері кеңінен қолданды.
Зертхананы: Андрианов В.Е., техника ғылымдарының докторы, профессор, (1965-1988 жж. және 1998-2003 жж.), Качаев В.А., техника ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкері, (1988-1993 жж.), Голиков В.А., техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, (2003-2011 жж.), Усманов А.С., техника ғылымдарының кандидаты, ҚР АШҒА корреспондент мүшесі, (2012 ж. қазіргі күнге дейін).
Қазіргі күні зертхана келесі: Қазақстандық ауыл шаруашылық машиналарын жасауда оған қажет құрамдас және босалқы бөлшектер шығару, сервистік қызмет көрсету және дилерлік орталықтарды қоса есептеудің бүгінгі жағдайларын талдау; ішкі және сыртқы нарықты маркетингтік зерттеу; еліміздің ауыл шаруашылық техникасы паркінің орталықтандырылған мәліметтер базасын құру, ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларындағы инвестиция ағымын талдау; жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылық техникалары мен механикаландырылған құралдар шығарушы өндірістерді жаңғыртуға арналған ұсыныстар жасау; шет елдердің қазіргі күн талабына сай ауыл шаруашылық машиналарын шығарушы жетекші компаниялармен бірлескен кәсіпорын құру; өндіріске қажетті машиналар түрін анықтау және өндіріс орнына орнату; Оңтүстік өңірлерінің өсімдік шаруашылықтарына арналған машиналардың технологиялары мен жүйелерін жасау; Қазақстанның аймақтық жағдайында ауыл шаруашылық техникаларының нақты машиналар өнімділігігі, технологиялық үрдістерінің сапалы орындалуы, жанармай шығындары, машиналардың пайдаланылуы кезіндегі кемшіліктері бойынша мониторингі; аймақтардағы ауыл шаруашылық салаларының даму ерекшеліктерін ескере отырып, елімізде АӨК қазіргі техникалық жарақтандырылу жағдайының талдауы; АӨК-нің машина-трактор паркін техникалық-технологиялық жаңғырту бойынша теориялық жағдайы мен методологиялық әдістері; еліміздің Оңтүстік өңір аймағында МТП агроқұрылымдарын қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар жасау жұмыстары атқарылуда.
Зертхана ғалымдары 3 ғылым докторын, 4 ғылым кандидатын, 1 PhD докторын, және 6 магистр даярлады.
Ғылыми зерттеулер бағыты
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге арналған технологиялық жүйелер мен машиналар жасау
- АӨК-нің ауыл шаруашылық техникасына деген қажеттігін негіздеу
- машина-трактор паркнің тиімді құрамын негіздеу
- техника пайдалану тиімділігін арттыру әдістемесін жасау
- ауыл шаруашылық дақылдарын күтуге арналған кешенді машиналар тиімділігін кегіздеу
- республиканың аймақтық топырақ-климат жағдайында шет елдік ауыл шаруашылық техникаларын пайдалануды негіздеу
- ауыл шаруашылық машина жасау жолдарын дамытуды негіздеу
Қызмет көрсету
- ауыл шаруашылығы үшін әр түрлі технологиялар мен машиналар жүйелеріне сұраныстарды орындау
- АӨК мен ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларының өндірістік және экономикалық қызметтерін талдау
- ауыл шаруашылығына қажет техникалары мен механикалық құралдарын шығаратын кәсіпорындардың өзар кооперациялық байланыстарын ұйымдастыруға және дамытуға жәрдемдесу
- ішкі және сыртқы нарықтағы маркетингтік зерттеулерді жүзеге асыру
- семинарлар мен дала күндерін өткізу, агроқұрылымдар үшін консалтингтік қызметтер көрсету
- ұсыныстар мен ұсынымдар шығару